jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Тамаша" театрының әртісі Марат Көккөзов қазір қайда жүр

    Марат Көккөзов
    Марат Көккөзов. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

    Кезінде "Тамаша" әзіл-сықақ театрында өнер көрсеткен Марат Көккөзов қазір қайда жүр? Бұл сауалға актер "1001 түн" бағдарламасында жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Өнер иесінің сөзінше, "Тамаша" тетарына 2000 жылы келген. Кейін "Тамашаның" тағы бір актері Асылбек Боранбаймен бірігіп "ТТТ" театрын құрып, бөлініп шыққан.

    "Ол кезде Ақтау қаласында тұрамын. Сол жылы Ақтауға "Тамаша" келіп, әріптестерімізді, Лұқпан ағаны қарсы алдым. Сол кезде Лұқпан (Есенов - ред.) ағамыз "Сен баланы "Тамашаға" алайық. Асылбектің жанында бірге жүресіңдер. Кел" деді.

    Сөйтіп 2000 жылы театрға келіп, 2001 жылы Алматыға көштім. Асылбек Боранбай екеуіміз нағашы-жиенбіз", - дейді Марат Көккөзов.

    Актердің айтунынша, мамыр айында "ТТТ" театрының концертін қою жоспарда бар.

    "Пандемиямен екі жыл отырып қалдық. Енді мамыр айында үлкен концерт қоюымыз керек", - дейді Марат Көккөзов.

    "Тамаша" театрының әртісі Марат Көккөзов қазір қайда жүр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.