Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өнерден, өмірден айырылсақ та, махаббатымыздан айырыла алмаймыз": Раим елге үндеу жасады

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Райымбек Бақтыгереев
Ерке Есмахан мен Райымбек Бақтыгереев. Скриншот: instagram.com/gulnur_mamasaripova

Бірнеше күн бұрын Ерке Есмаханмен мұсылманша некесін қидырған әнші Раим көпшілікке үндеу жасады. Ол халықтан өздері жайлы қауесет таратпауын өтінді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Раим Бақтыгереев бұл жайлы Instagram желісінде жариялады.

"Қазақ елі! Біріншіден, былтырғы қаңтарға қарағанда биыл қуанышты ғой. Екіншіден, әр адамның өткен-кеткені бар. Өздеріңіз мінсіз болып, неге сонша соңымызға түсіп алдыңыздар? Әрқайсыңызды іздесе, кем тұсыңыз табылар. Пендешілікке салынбаңыздар.

Үшіншіден, адамның айтқаны емес, Алланың дегені болады. Біз некесі қиылған жанұямыз. Намыс, тәрбие, қасиеті жоқ, есі кеткен адам ғана отбасының ортасына түседі. Сондай адамның қатарынан болып, Алланың қаһарына қалмаңыздар.

Естігілеріңіз келсе, айтайын. Біз шаршадық. Өнерден, өмірден айырылсақ та, махаббатымыздан айырыла алмайтынымызды нық білеміз. Өтініш, тоқтатыңыздар", - деді Раим.

Естеріңізге сала кетейік, қос әншінің кездесетіні жайлы қауесет желіге тарап, кейінірек Раим бұл ақпаратты растаған болатын.

Ал арада бірнеше күн өткенде жұлдызды жұптың мешітте некесін қидырғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2006320-raim-onerden-omirden-aiyrylsaq-ta-maxabbatymyzdan-aiyryla-almaitynymyzdy-nyq-bilemiz/

pixel