Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асанәлі Әшімов жұбайымен бірге кенже ұлының туған күніне пәтер сыйлады (видео)

Жарияланған күні:

Асанәлі Әшімов
Асанәлі Әшімов. Фото: instagram.com/bagdat.ashimova

Қазақстандық кино және театр актері Асанәлі Әшімовтің кенже ұлы 15 жасқа толды. Өнер иесінің жұбайы Instagram парақшасында ұлына пәтер сыйлағандарын атап өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"15 жасқа толып, үлкен ер-азамат болып жатырсың. Алдыңда жарық күндер көп болсын! Әкеңнің алдыға қойған арманын орындап, достарыңның арасында жарқырап жүре бер. Сен туған кезде осы үйге кіргенбіз. Міне, 15 жасқа толдың. Өзіңе пәтер сыйлап жатырмыз.

Достарыңның алды болып, жақсы маман иесі болып, өмірден өз орныңды тап", - деді Бағдат Әшімова.

Желі қолданушылары да актердің ұлына жылы лебіздерін білдірді.

"Ағалары жетпеген жетістікке жетсін", "Ғұмырлы болсын", "Асанәлі ағамыз жүз жасасын", "Асылдың сынығы ғой, денсаулығы мықты болсын", "Асанәлі үлкен биікке көтерілсін", "Әкесіндей азамат болсын", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2006493-asanali-asimov-zubaiymen-birge-kenze-ulynyn-tugan-kunine-pater-syilady-video/