Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арабтарды таңғалдырдым": Жанар Айжанова шетел азаматтарының назарын өзіне қалай аударғанын айтты

Опубликовано:

Жанар Айжанова
Жанар Айжанова. Фото: instagram.com/zhanar_aizhanova

Актриса Жанар Айжанова қазақтың шапаны мен кимешегі арқылы шетелдіктерді таңғалдырғанын жеткізді. Өнер иесі көпшілікті ұлттық киімнің қадірін түсінуге шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Осы қазақтың жадағай шапаны мен кимешегін киіп алып, "арабтарды таңғалдырдым" десем, сенесіздер ме? Таңқалғаны былай тұрсын, "Сізбен суретке түсейік деп едік. Не деген әдемі киім" деп сол жақта хит болдым. Мойын бұрып қарамаған адам қалмаған шығар.

Айтайын дегенім, қазақ қашан да киімді талғаммен, исламға да қайшы келмейтіндей қылып киген. Өзіміз ғой, қадірін кетіріп жүрген. Қолымдағы күміс білезік, сақиналар да назардан тыс қалған жоқ. Бабаларымыз қандай дана болған десейші", - деп жазды Жанар Айжанова Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2006535-arabtardy-tangaldyrdym-zanar-aizanova-qazaqtyn-ulttyq-kiimine-setelde-moiyn-buryp-qaramagan-adamnyn-qalmaganyn-aitty/

pixel