Нұрлан Өнербаев жұбайын туған күнімен құттықтап, көпшілікті тәнті етті (фото)
Жарияланған күні:
Танымал отандық әнші Нұрлан Өнербаев жұбайын туған күнімен құттықтады. Әншінің Instagram желісінде әйеліне арнаған жазбасы көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Жаным, жан-жарым! Жасың қаншаға келсе де, сен менің көзімде де, жүрегімде де дәл осы бейнеңмен жатталып қалғансың. Қала бересің! Туған күнің құтты болсын, жаным", - деп жазды Нұрлан Өнербаев.
Ал желі қолданушылары әншінің жұбайына деген махаббатына таңқалғандарын жасырмады.
"Құтты болсын! Ескірмеген махаббат деген осы", "Қазіргі жастарымызға үлгі. Баршағасы осындай махаббат тілеймін", "Бірге қол ұстасып, немере-шөбере сүйіңіздер", "Жұбайыңызға қандай жақсы, үлгі боларлықтай тілек жазғансыз", "Бір жастықта қартайыңыздар", - деп жазды желідегілер.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұрлан Өнербаев әкесінің адамгершілік қасиеттері туралы айтып, көзіне жас алған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2006806-nurlan-onerbaev-aielin-tugan-kunimen-quttyqtady-foto/