Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Сейтмағамбет: Орамалға келсем, міндетті түрде өзім хабарлаймын

Опубликовано:

Ақбота Сейтмағамбет
Ақбота Сейтмағамбет. Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Меккеде жүрген актриса Ақбота Сейтмағамбет бірнеше күн бұрын хиджаб киген суретін желіге жариялады. Осыдан соң желі қолданушылары әншіні орамалға келді деп жорамалдаған. Алайда актриса бұл ақпараттың қате екенін айтып, оқырмандар сынына жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қасиетті мекенге алғашқы келуім сынақпен басталды. Тіпті өте қатты сыналдым, бірақ төздім. Бұл сапар Ақботаны тағы да өсірді, шыңдады. Мекке Мәдинаға қадам басқан әр әйел әурет жауып жүруі тиіс.

Мұнда шынайы ықыласпен құлшылық жасап жүрген жандар мен әлеуметтік желінің арғы жағында сынап, сұрақтың астына алған кісілер: орамалға келсем, міндетті түрде өзім хабарлаймын... Артық сөз, артық сұрақ үшін өзіңіз сұралатыныңызды ұмытпаңыз. Сол себепті жеке шекараға өтпейік", - деді Ақбота Сейтмағамбет Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2006979-aqbota-seitmagambet-oramalga-kelsem-mindetti-turde-ozim-xabarlaimyn/

pixel