Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құттықтамай кетіп қалдым": Тұңғышбай Жаманқұлов Жұлдыз Әбдікәрімованың фильмі жайлы өз ойын айтты

Опубликовано:

Тұңғышбай Жаманқұлов
Тұңғышбай Жаманқұлов. Фото: "Бірегей" бағдарламасы

Театр және кино актері Тұңғышбай Жаманқұлов Жұлдыз Әбдікәрімованың жақында көпшілікке ұсынған "Ажырасам" фильмі жайлы айтты. Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында актер фильмнің тұсаукесеріне өзінің арнайы шақырылғанын да жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Егер Бағлан Әбдірайымовтың фильмі нашар болып шықса, сынаймын. Қалай шығатынын мен білмеймін ғой. Бірақ, ниет ізгі. Бағлан - жақсы жігіт. Басыма іс түскенде, Бағлан бірінші шырылдап, "ақша жинайық" деп шыққан. Мен "Қой, қарағым" дедім. Кейін Бағлан "Аға, ақшамыз аз еді. Сізге кішкентай рөл бар еді, түсіп бересіз бе?" деді. "Айналайын, маған деген сөзің, ықыласың үшін сенің алдыңда қарыздармын" дедім де, түсіп бердім", - деді актер.

Сонымен қатар Тұңғышбай Жаманқұлов Жұлдыз Әбдікәрімованың жақында жарыққа шыққан фильміне қатысты өз ойын айтты. Ол кино өзіне ұнамағанын жеткізді.

"Ал нашар шығатын фильмдерді мен "нашар" деп айтамын. Көңіліне келмесін, Қайрат Нұртастың келіншегі "Ажырасам" деген фильм түсірді. Мені шақырды, "Ақшаларын өнерге жұмсап жатыр" деп қуанып бардым. Жұлдыз - жақсы актриса.

Фильмді жартысына дейін ғана көре алдым. Жартысынан кейін быт-шыт болып кетті. Сюжеттің линиясы үзіліп, жанр адасып кетті. Шым-шытырық болып, екінші бөлімін көре алмадым. Мәдениеттіліктен шыдап отырдым. Соңында бәрі құттықтайды ғой. Мен құттықтамай кетіп қалдым. Менің сондай мінезім бар. Ұнамаса, туған шәкіртімнен де үндемей кетіп қаламын.

Режиссер - жас, кеудесі аяққаптай. "Кино түсірдік" деп, ортада қоқиланып тұр. Өнер қайда? Ол өнер емес, кино емес, бір бәле. Мен қарсы шығамын, "Құрт, жой" демеймін. "Бұларың не, қарақтарым-ау" деген өкпемді айтамын", - деді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Сондай-ақ актер сұхбат барысында кезінде киноға қандай талаптар қойылғанын да атап өтті.

"Біздің кезімізде киноға түсу үшін үлкен талап қойылатын. Өйткені режиссер ол фильмді түсіруді емес, шығаруды ойлады. Оның үлкен шығарма болуын ойлады. Ал қазір ақша болса, түсіреді. Қалай болса, солай болсын, ақша алса болды. Жақсы болып шықса, ақша таба береді. Болмаса, соған да қанағат. Мен олардың мықты суреткер болғанын, керемет кино түсіргенін қалаймын. Бірақ әлгіндей шала болған кезде мұңаямын", - деді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2007005-tungysbai-zamanqulov-zuldyz-abdikarimovanyn-filmi-zaily-film-zartysynan-keiin-byt-syt-bolyp-ketti/

pixel