Тамара Асар болашақ келініне қандай талаптар қоятынын айтты
Жарияланған күні:
Отандық әнші Тамара Асар үлкен ұлы Қамбардың болашақ жарына қандай талап қоятынын айтты. "1001 түн" бағдарламасына келген әнші бірінші болашақ келінінің ата-анасымен кездескісі келетінін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бағдарлама жүргізушісі "Қамбарды қашан үйлендіресіз? Келін таңдауға қаншалықты қатысыңыз болады", - деп сұрады.
Ал әнші болашақ келінді ұлының өзі таңдайтынын және алдымен қыздың ата-анасымен кездескісі келетінін айтты.
"Күнде ұлыма "ата-анасын көрейік" деген ұсыныс айтамын. Анасын көрсек, "Әкесін қаншалықты сыйласа, сені де өмір бойы соншалықты сыйлайды" деймін.
Өзі таңдайды. Менің байқағаным, мені бәрі қатал деп ойлайды. Қорықса, қорқа берсін. Мен әлі ене болмасам да, "қатал ене" деп айтып жатады. Менің жүрегімнің жұмсақтығы балама аян. Тәрбиеден өтетінін білем", - деді Тамара Асар.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Тамара Асар шын есімінің кім екенін айтқан болатын.
Сонымен қатар 45 жасында ана атанған әнші жүктілігі жайлы айтуға ұялғанын жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2007064-tamara-asar-kelinine-qandai-talap-qoyatynyn-aitty/