Гауһар Әлімбекова басына іс түскенде, "жақын құрбылары" жанынан табылмағанын ашық айтты
Жарияланған күні:

Танымал әнші Гауһар Әлімбекова осыдан бірнеше жыл бұрын істі болып, сот залынан кінәсі дәлелденбегендіктен ақталып шыққан болатын. Өнер иесі басына іс түскенде, жақын құрбыларын жанынан таппай қалғанын "1001 түн" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Шынымды айтайын, дәл сол жағдай болғанда, құрбыларым болған жоқ. Бір-екі "жақын құрбым" деп жүрген адамдарды таппай қалдым. Ол да бір Алланың сынағы ғой. Бірақ, мен өте кешірімдімін. Анам үнемі "Кешірімшіл бол! Сен баға беретін ешкім емессің. Бәрін Құдай көріп отыр" дейтін", - деді Гауһар Әлімбекова.
Айта кетейік, 2019 жылдың 30 қаңтарында Гауһар Әлімбекованың"алаяқтық" бабымен айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандағынан айырылғаны белгілі болды. Ал арада бірнеше күн өткенде әнші қолхатпен бостандыққа шығарылды. Өнер иесіне қатысты сот отырысы осы уақытқа дейін бірнеше рет өткізілген.
Ал кейінірек әншінің кінәсі дәлелденбей, ол сот залынан ақталып шықты. Арада бірнеше ай өткенде Бақыт Назарова мен Гауһар Әлімбекова ел алдында татуласты.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әнші сахнадан неге көрінбей кеткенін айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2007469-gauhar-alimbekova-basyna-is-tuskende-zaqyn-qurbylary-zanynan-tabylmaganyn-asyq-aitty/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 1
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
Гауhар бұл өмірде дос көп болады, бірақ нағыз дс басыңа қатты іс түсіп қиналғанда жаныңнан табылады, ал жәй доспын деп жүретіндер алыстап сені тастап кете береді. Сондықтан адам баласы біздер адамдарға қатты сенеміз, сол кезінде дос болып жүргендерге жанымыз қалмай көмек береміз, ал өзіміз қиналғанда ойлаймыз осылар қайда кетті,неге маған көмектеспейді деп, Бәрінен де бар жақсылықтарды, көмекті Аллатағаладан сұрау керек, тек Аллатағала ғана бар қиындықтан алып шығады, бұндай қиын жағдай өз басымнан өтіп жатыр, мен жалғыз Алладан денсаулық, шыдамдылық, сабырлық сұрап дұға етемін. Адамдардың жүрегіне мейірім берсін деп тілеймін, бәрі де жақсы болады деп сенемін.
Karlaiz