Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Асқар Ілиясов Үндістанда өткен кинофестивальде "Үздік ер адам рөлі" номинациясын жеңіп алды

Опубликовано:

Асқар Ілиясов
Асқар Ілиясов. Фото: instagram.com/askar.ilyassov

Актер Асқар Ілиясов Үндістанның Мумбай қаласында өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының кинофестивалінде "Үздік ер адам рөлі" номинациясын жеңіп алды. Актер бұл жеңісін "Паралимпиец" фильміндегі басты рөлі үшін иеленді, деп хабарлайды Dimashnews.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мен бақыттымын. Шынымды айтсам, жеңіске жеткенімді айтқан кезде, тіпті көзіме жас келді. Бұл менің алғашқы жеке сыйлығым және жұмыстың бағаланғаны қатты әсер етті.

"Паралимпиец" фильмі мені басқа қырымнан көрсетті. Өйткені, бұл өзіңді жайлылық аймағынан шығарып, шынымен не істей алатынымды көрсететін жұмыс болды. Жалпы, фильмде адам рухының салтанаты туралы айтып, паралимпиадашылардың рухын көрсеткіміз келді", - деді актер Dimashnews.com сайтына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2007581-akter-asqar-iliyasov-undistanda-otken-kinofestivalde-uzdik-er-adam-roli-nominaciyasyn-zenip-aldy/

pixel