Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ким Тэхен: әншінің өмірбаяны, жеке өмірі мен өнердегі жолы

Опубликовано:

Ким Тэхён: өмірбаяны, жеке өмірі және мансабы
Ким Тэхён 4 маусым, 2022. Көрнекі сурет: Wikipedia / 티비텐

Ким Тэхен - V (Ви) деген есіммен танымал Оңтүстік Корея әншісі, бірнеше әннің авторы және биші. Ол әлі күнге дейін k-pop стиліндегі атақты BTS тобының негізгі мүшесінің бірі болып қала береді. Видің Оңтүстік Кореяда және шетелде жанкүйерлері жетіп артылады. Орындаушының өмірбаяны, жеке өмірі және мансабы әркез жанкүйерлер мен сыншылардың назарынан тыс қалған емес.

Ким Тэхеннің өмірбаяны және жеке өмірі

Ким Тэхен қарапайым отбасында дүниеге келген, бірақ бұл оның әлемге әйгілі жұлдыз болуына кедергі болған жоқ. Оның жетістікке қалай жеткенін білу үшін өмірбаянына үңіліп көрейік.

Балалық шағы мен жастық шағы

Ким Тэхен 1995 жылы 30 желтоқсанда Оңтүстік Кореяның көлемі жағынан төртінші боп саналатын Тэгу қаласында дүниеге келген. FamilyTron Тэхеннің ата-анасы фермерлер екенін жазады. Олар бар уақытын жұмысқа арнады, ал баласына көбінесе әжесі қараған. Әнші әлі күнге дейін әжесімен өте жақын араласады. Кимнің әжесі елдің оңтүстік-шығысындағы Кенсан Намдо провинциясындағы Кочхан уезінде тұрды.

Channel Korea Тэхеннің Ким Чен Гю есімді інісі және Ким Ын Джин есімді әпкесі бар деп хабарлайды. Ашық ақпарат көздерінде әртістің туыстары туралы бұдан басқа дерек жоқ.

Тэхен бастауыш сыныпта оқып жүргенде әнші боламын деп шешім қабылдады. Осылайша орта мектептегі ер бала саксофонда ойнауды үйрене бастады. National Today басылымы Тэхеннің әкесі ұлының музыка әлеміне басқан қадамына қолдау білдіргенін жазған болатын. Тэгу қаласындағы Big Hit Entertainment агенттігінде өткен тыңдауларға қатысқан Тэхен тағылымгер (трейни) атанды.

Тэхен 2014 жылы Korean Arts High School мектебін бітірді. 2020 жылы в Global Cyber University оқу орнының "Теледидар және ойын-сауық" курсын тәмамдады. Ол әрі қарай Hanyang Cyber University университетінде білімін жалғастырып, іскерлік басқару магистрі дәрежесін алды.

Ким Тэхеннің жеке өмірі

Әртістің жеке өмірі оның жанкүйерлерін қатты қызықтырады. Олар жұлдыздың көпшіліктен жасырылған ұсақ-түйектеріне дейін қызығушылық танытады. Кейбір фактілерге тоқталып өтейік.

Қоғам Тэхеннің романтикалық қарым-қатынасына ерекше қызығушылықпен қарайды. KBIZoom жұлдыздың бірнеше құпия романдарына күдік бар екенін жариялаған болатын. Оның TWICE тобынан Чжоу Цзую, Red Velvet тобынан Джой, Blackpink тобынан Джису және актриса Ким Ю Чжунмен кездесіп жүргендігі жайлы қауесет тарады. Бұл болжамдардың ешқайсысы расталған жоқ.

Newsweek 2022 жылдың қазан айында Ким Тэхен Blackpink қыздар тобының мүшесі Дженни Киммен кездесіп жүр деген қауесетті талқылады. Жұлдыздар агенттіктері бұл қауесетті жоққа шығарып, тіпті жалған ақпарат таратушыны жазалау үшін полицияға жүгінген.

Тэхеннің салмағы қанша? KoreaBoo 2022 жылдың қарашасында Тэхеннің салмағы 63,4 кг, бойы 178 см деп жазды. KpopStarz тәбеті жақсы орындаушы салмағын тұрақты ету үшін үш ережені ұстану көмектесетінін жазады: ол тамақтанардан бұрын күйзелістен аулақ болады, әр тістеген тағамынан ләззат алады және көбірек сорпа ішеді.

Ким Тэхен қайда тұрады? 2018 жылы South China Morning Post басылымы Ви Сеулдің Ханнам-донг ауданында шамамен 300 м² пәтерде тобындағы достарымен бірге тұратынын хабарлады. Бұл пәтер Hannam THE HILL кешенінде орналасқан. Сонымен қатар 2019 жылдың 11 шілдесінде ол Каннамдағы Самсон-донг ауданында орналасқан Apelbaum тұрғын үй кешенінен 282,73 м² пәтер сатып алды. Бұл ғимаратта небәрі 17 пәтер бар және әрқайсысының терезесінен Хан өзенінің көрінісін тамашалауға болады. Пәтердің құны 4,5 миллион АҚШ долларынан асады. Әншінің бұл үйге көшкені туралы әлі ақпарат жоқ.

Ким Тэхён: өмірбаяны, жеке өмірі және мансабы
Оңтүстік Корея жұлдызы - Ким Тэхён. Көрнекі сурет: Wikipedia / SHAQ Photo

Әртістің мансап жолы

Тэхен 2013 жылы 13 маусымда дебют жасады. Ол "No More Dream" синглін орындаған BTS жігіттер тобының мүшелерінің бірі болды. Көрермендер музыкантты V деген бүркеншік атпен таныды, бұл "Victory" - "жеңіс" дегенді білдіреді.

Шоу-бизнестегі алғашқы қадамдар

Тэхенның ән жазудағы алғашқы тәжірибесі 2015 жылдан басталады. Ол "Hold Me Tight" трегінің сөзі мен музыкасын бірге жазды, сонымен қатар "Boyz with Fun" әнінің мәтінімен жұмыс істеді, сөзін Чонгук жазған "The Most Beautiful Moment in Life" (2-бөлім) альбомындағы "Run" әнінде V жазған әуен қолданылды.

2016 жылы V "Wings" (2016) альбомына енген "Stigma" әнін шығарды және бұл ән Billboard "BTS-тің 50 үздік әні: сыншылардың таңдауы" тізімінде 31 орында болды. Ол 2016 жылы V "Хваран: Бастау" дорамасында актер ретінде алғашқы рөлін ойнады. Фильм титрларында әншінің шын есімі жазылды.

2018 жылдың көктемінде Тэхен BTS тобының "Love Yourself: Tear" студиялық альбомына енген "Singularity" атты екінші жеке әнін шығарды. The Guardian бұл туындыны "2018 жылдың маусым айындағы ТОП-50 ән" тізімінің ішіне енгізді.

2018 жылдың қазан айында Тэхен және BTS тобының басқа мүшелері Корея Президентінің бесінші дәрежелі "Мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін" орденімен марапатталды.

Жеке жұмыстары

2019 жылдың 30 қаңтарында BTS тобынан бөлек V жазған "Scenery" композициясы жарыққа шықты. SoundCloud-та тегін тыңдау үшін жарияланған "Scenery" әні бірінші күннің өзінде 372 мыңнан астам лүпіл жинады.

Қараша айында бұл композиция 200 миллион рет тыңдалып, платформада бұрын-соңды шырқалған ондық қатарына енді. Тамыз айында V өзінің "Winter Bear" деп аталатын екінші жеке әнін шығарды.

2020 жылы V "Итэвон класс" дорамасы үшін "Sweet Night" саундтрегін жазды. Бұл ән Billboard US Digital Songs тізімі бойынша екінші орынға шықты. 2021 жылы V "Біздің сүйікті жаз" дорамасына арналған саундтректің түпнұсқасын шығаруға атсалысты.

New Musical Express бұл әннің "Christmas Tree" деп аталатынын және Billboard Hot 100 тізімінің ішінде 79 ән болып шырқалғанын хабарлады.

Ким Тэхён: өмірбаяны, жеке өмірі және мансабы
"Christmas Tree" бейнебаянынан көрініс. Көрнекі сурет: YouTube/LQ KPOP

Тэхен неге BTS тобынан кетті? Шындығында Ким Тэхен топтан шықпаған. Оның келісімшарты 2018 жылдан 2026 жылға дейін ұзартылды. Stylecaster хабарлауынша Real Bangtan Dinner 2022 кезінде РM топтың біраз уақыт үзіліс жасайтынын жеткізген, ал V болса топ мүшелерінің жеке жобаларға көңіл бөлетінін айтты.

Big Hit Entertainment тобының лейблі BTS жігіттерінің үзіліс жариялауының себебін олардың әрқайсысының әскери борышын өтеуге тиіс екендігімен байланысты деп түсіндірді. 2025 жылы лейбл топтың қайта бірігуін жоспарлап отыр.

Тэхен қазір немен шұғылданып жүр? All Kpop V продюсер На Юн Соктың франшизасының жаңа аспаздық реалити-шоуына қатысқанын жазады. Жұмыстың атауы "Seojin’s" деп аталады, Мексикада түсірілген бұл шоу 2023 жылдың ақпан айында көрерменге жол тартады. HITC 2023 жылдың 24 қаңтарында Weverse платформасында сөз сөйлеген әртіс қазір отбасымен бірге уақыт өткізіп жатқанын және таяуда ғана әскерде борышын өтеп жүрген BTS тобындағы әріптесі Джинаға барып қайтқанын хабарлады. Жанкүйерлер Тэхенның дебюттік жеке альбомы 2023 жылы шығады деп үміттенеді, ал Seventeen басылымы оның жұмыс үстінде екенін растайды.

Ким Тэхен мыңдаған жанкүйерін жаңа әндерімен, бәлкім жаңа рөлдерімен қуантады деген сенімдеміз. Әртістің зор таланты оның жаңа туындыларын нағыз шедеврге айналдырады деген үміт басым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2007603-kim-texen-ansinin-omirbayany-zeke-omiri-men-onerdegi-zoly/

pixel