Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оңай келген шешім емес": Ринат Зайытов мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде құжат тапсырды

Опубликовано:

Ринат Зайытов
Ринат Зайытов. Фото: instagram.com/rinat_zaitov_resmi

Белгілі айтыскер, ақын Ринат Зайытов Алматы қаласы атынан мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде құжат тапсырды. Бұл жаңалықты айтыскер Instagram желісінде жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Құжат тапсырылды. Қазақстан Республикасының парламенті мәжілісінің депутатын сайлау бойынша №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің округтік сайлау комиссиясына бүгін мажоритарлық жүйемен өзімді-өзім Қазақстан Республикасы парламент депутатына кандидаттыққа ұсындым.

Мойындаймын, оңай келген шешім емес. Қай аймақтың атынан бақ сынайтыным ең алғашқы сұрақ болған. Алдымда Алматы қаласы немесе Абай облысы деген екі таңдау болды. Алматы - азаттықтың астанасы. Алматы - рухты қауымның мекені. Ол аз десеңіз, осыдан төрт жыл бұрын биліктің кісенінен жұлып алған да осы Алматыдағы ағайын. Демеушім жоқ демеймін, тілектестерім, қазақ бар! Жаратушыдан кейін сенерім солар. Тәуекел, оңай шегінбейтінімді ескертудің қажеті жоқ шығар", - деді Ринат Зайытов.

Айта кетейік, Ринат Зайытов 2021 жылы Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрының директоры қызметіне тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2007725-onai-kelgen-sesim-emes-rinat-zaiytov-mazilis-deputattygyna-umitker-retinde-quzat-tapsyrdy/

pixel