Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тележүргізуші Динара Сәтжан тұрмысқа шығуға қатысты ойын айтты (видео)

Жарияланған күні:

Динара Сәтжан
Динара Сәтжан. Фото: Instagram/dinarasatzhan

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан жеке өмірі жайлы Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты. Тележүргізуші тұрмысқа шығуға қатысты ойын білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ғашық болып қалған сияқтымын. Мен қиын адаммын. Түсінуім, тексеруім керек. Кіші інім Рауан ұзату тойында (келінінің - ред.) баламмен бірге кірді. Даниял да гүлмен кірді. Балама қарап, келесі күйеу жігіт ұлым екенін, келесі той Даниялдікі екенін түсіндім. "Балам, сенің тойыңның алдында тұрмысқа шықсам бола ма" деп сұрадым. Өйткені одан кейін той жасай алмаймын.

Тағдырым қалай боларын білмеймін. Бірақ некелессем, ол заңды болуы керек және оны жариялау қажет", - деді тележүргізуші.

Бағдарлама барысында жүргізуші Тимур Балымбетов Динара Сәтжаннан "Арман картаңызда "тұрмысқа шыққым келеді" деген жолдар бар ма?", - деп сұрады.

Ал тележүргізуші мұндай ойдың армандар картасында барын жасырмай айтып берді.

"Әрине, бар. 20 жас пен 40 жастағы отбасы құрудың қандай айырмашылығы барын білесіз бе? 20 жаста өз тағдырыңды біреудің мойынына артып қоясың. "Мен үшін жауап бересің, сүйіктім" дейсің. Мүмкін мен солай тұрмысқа шыққан шығармын. Ханзадаға тұрмысқа шыққым келді. Расымен, ол ханзада болды. Мені керемет қылып алды, бәрі жақсы болды.

Ал 40 жаста басқаша ойлайсың. Сен ол адаммен теңіз жағасында серуендеп жүріп әңгімелесе аласың ба? Ол адаммен бірге қартайғың келеді ме? Себебі, жылдар өткен сайын адаммен сөйлесе алу маңызды секілді", - деді Динара Сәтжан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2007785-telezurgizusi-dinara-satzan-qaita-turmysqa-syguga-qatysty-pikir-bildirdi-video/