Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Берік Айтжанов Бурак Өзчивитпен бірге түрік телехикаясына түсті (фото, видео)

Опубликовано:

Берік Айтжанов
Берік Айтжанов. Фото: instagram.com/berik_aitzhanov

Отандық танымал актер Берік Айтжанов "Османның құрылуы" тарихи түрік телехикаясына түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Берік Айтжанов өзінің Instagram парақшасында жаңа суреттер жариялап, астына "Kuruluş Osman" деп жазба қалдырған.

Актердің фотосын көргендер жылы лебізін білдіріп, өнер иесіне сәттілік тіледі.

"Алға, бауырым!", "Қайдан көруге болады?", "Рас па? Найманның рөлін сомдаған жоқсыз ба?", "Енді Осман жеңсін дейміз бе, Найман жеңсін дейміз бе?", - деп жазуда олар.

Ал телехикаяның ресми Instagram парақшасында Берік Айтжанов сомдаған Найманның келуінен үзінді жарияланған.

Кейінірек, парақшада 116-бөлімнің анонсы жарияланды. Онда қазақстандық актердің телехикаяда басты рөлді сомдайтын Бурак Өзчивитпен бірге түскенін көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2007822-berik-aitzanov-burak-ozcivitpen-birge-turik-telexikayasyna-tusti-foto-video/