Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әзілкеш Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатыр (фото, видео)

Опубликовано:

Нұржан Төлендиев
Нұржан Төлендиев. Скриншот: instagram.com/kaz.stars

Көпшілікке "Шаншар" театры арқылы танылған Нұржан Төлендиев отбасындағы қуанышымен бөлісті. Әзілкеш қызын ұзатқалы жатқанын айтып, әлеуметтік желіде жаңалығын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ассалаумағалейкум, қазағым! Менің бүгін көңілім алып ұшып тұр. Себебі хор қызым Қорлантайымды ұзатқалы жатырмын. Бұл жиналған асыл азаматтар ақ тілегін арқалап, қуанышымды бөлісіп келген достарым", - деп жазды Нұржан Төлендиев Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушылары әзілкештің отбасындағы қуанышқа ортақтасып, ақ тілегін арнады.

"Бағы жансын", "Бағы ашылсын. Құдалық құтты болсын", "Бақыт тілейміз", "Қызыңыз өзіңізден айнымай қалыпты", "Күйеу бала құтты болсын", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Нұржан Төлендиев пен жұбайы 6 бала тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2007869-azilkes-nurzan-tolendiev-qyzyn-uzatqaly-zatyr-foto-video/

pixel