Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Qanay Ұлықпан Жолдасовтың сынынан соң қалай өзгергенін айтты (видео)

Опубликовано:

Qanay
Qanay. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Көпшілікке Qanay лақап атымен танылған әнші Нұрболат Қанай өзіне айтылатын сынға көзқарасын білдірді. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында Ұлықпан Жолдасовтың сынынан соң әндерінің сөзін түзегенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Халықтың алдында жүрсек, қара пиар деген жақсы ғой. Аға буынның сынайтыны бар. Бірақ көбісі қолдайды. Соңғы рет Ұлықпан ағамен кездескен кезде ұрысқан. "Әндерің күшті. Бірақ сөздерін түсінікті қылып айт. Батыстан болғаннан кейін мен ол жақтың диалектін түсінемін. Кішкене сөзіңді дұрыста" деді.

Осыдан кейін қазір соңғы әндерімнің сөзімен күресіп жатырмын. "Баяғыдан" деген әнімнің сөзін ақынмен ақылдасып, буынын келтіріп айттым. Осы жылы да әндерімнің сөзін түсінікті етіп жеткіземін", - деді Qanay.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2007925-qanay-ulyqpan-zoldasovtyn-synynan-son-qalai-ozgergenin-aitty-video/