Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісова танымал журналистің анасына бриллиант жүзігін шешіп берді (фото)

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Фото: Видеодан кадр

Мақпал Жүнісова танымал тележүргізуші Мақсат Толықбайдың анасына өзінің бағалы сыйлығын табыстады. Бұл туралы Kyn.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әнші журналистің өтінішімен тойға қатысқан.

"Маған Мақсат хабарласып: "Анамның туған күні еді, келіп, ән салып берсеңіз", - деп өтінішін айтты... Өзім Алтынбек ағамның тойына барған едім. Сол жерден осында қашып келдім. Мақсатты сыйлағандықтан. Бірақ мен не сыйлаймын?

"Үйден шығып кетіп едім", - дедім бірден. Сөйтсем: "Сыйлығыңыз әніңіз ғой", - дейді. Содан әрі ойланып, бері ойланып, Мақсаттай мықты журналисті өсіріп, баққан Алмагүл құрдасыма қолымдағы бриллиант сақинамның бірін сыйлыққа берейін деп шештім. Ал қолыңызды әкеліңіз",- деген Мақпал Жүнісова тойхана төрінде журналистің анасына жүзігін шешіп берді.

Мақпал Жүнісова той иесіне тілек айтуда
Мақпал Жүнісова тойда. Фото: Kyn.kz

Тойдағы халық әншінің жомарттығына тағы да таңдана қарады. Ал тележурналистің анасы әншіге алғысын жаудырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2008060-maqpal-zunisova-tanymal-zurnalistin-anasyna-brilliant-zuzigin-sesip-berdi-foto/

pixel