Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айгүл Иманбаева ата-анасына алғыс айтып, әсерлі жазба арнады

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева ата-анасымен
Айгүл Иманбаева ата-анасымен. Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Отандық әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіге ата-анасымен түскен видео жүктеп, желі қолданушыларының сүйіспеншілігіне бөленді. Өнер иесі ата-анасынан қандай қасиетті бойына сіңіргенін айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әкем мен анам! Жаратушыма сансыз алғыс айтамын. Жасым өскен сайын көп нәрсені терең ойланамын. Менің тағдырымның дәл осылай болғанына Аллама сансыз алғыс айтамын. Әкем мен шешемнің қадірін, барын, бөлек тұрса да, аман жүргеніне Аллама сансыз алғыс! Кешіре білген, кешірімді болған қандай күшті. Жүрегіңде ауыр тас жатпайды. Қазіргі жақсы көру, қазіргі араласу бөлек.

Мен өз бойыма анамның еңбекқорлығын, жауапкершілігін, ал әкемнің ашық мінезін, сонымен қатар екеуінің де бойында бар, бетке айтатын тік мінезін алған екенмін. Алла ұзақ ғұмыр берсе екен. Мен сіздерге кішкентай бала болып, осылай жүре берейінші", - деп жазды Айгүл Иманбаева Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушылары әншінің ата-анасына жылы лебіздерін білдіріп, түрлі пікір қалдырды.

"Ата-анаңыз бар бақыттысыз", "Ұзақ ғұмыр жасасын", "Қандай керемет", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2008129-aigul-imanbaeva-ata-anasyna-algys-aityp-aserli-zazba-arnady/

pixel