Құжатта басқаша жазылған: Әнші Шаһизада құжаттағы есімі туралы айтты (видео)
Жарияланған күні:
Отандық әнші Шаһизада Байпатшанова өзінің шын есімін айтты. "Менің өмірім" бағдарламасына келген өнер иесі туу туралы куәліктегі есімін мәлім етіп, ел білмейтін құпиясын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Құжатта дұрыс жазылмаған. Негізі кішкентай кезімнен құлағыма естілгені "Шаһизада", "Шаһи" болатын. Туу туралы куәлігіме мән бермегенмін. Өсе келе қарайсың, бірақ мән бермейсің. Құжаттың бәрін ауыстыру керек, оның керегі не? Құжат бойынша - Заһизада.
Негізі азан шақырып қойған есімім - Шаһизада. Құжат бойынша дұрыс емес. Менің марқұм үлкен атам кітапқа қарап қойған екен. Шаһи және зада деген екі мағынаны білдіреді", - деді әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2008159-quzatta-basqasa-zazylgan-ansi-sahizada-quzattagy-esimi-turaly-aitty-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.