Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үшінші күйеуге қалай алданып қалғанымды білмеймін": Шаһизада жеке өмірі туралы сыр шертті

Опубликовано:

Шахизада
Шаһизада. Фото: Instagram/shahizada.art

Отандық әнші Шаһизада өзінің жеке өмірі жайлы айтып, жан сырын ақтарды. "Менің өмірім" бағдарламасына келген әнші сүйікті жанмен Стамбұлда үш ай бірге тұрғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Отбасын құрған кезде ғана түсініспеушілік болады. Өнер адамы болғаннан кейін барған жерде мені әнші деп келіп, амандасып, қолымнан сүйетін, биге шақыратын жігіттер болады. Сондай кезде ер-азаматыммен арамызда көп дұрыс емес сөздер айтылады. Ойы бұзылып, "Неге ол сенің қолыңнан сүйді? Ол кім?" деген сияқты сұрақтарды жиі естіп, "Бекер күйеуге шықтым ба?" деп ойлайсың.

Өнерде жүріп, бостандыққа үйреніп қалғанмын. Халықпен, көрермендермен, әріптестеріммен бірге болмасам, ауырамын. Орманда жалғыз қалып кеткен жануар сияқты боламын ғой", - деді Шаһизада.

Сонымен қатар өнер иесі үшінші азаматымен Стамбұлда үш ай бірге тұрып, кейін кетіп қалғанын айтты.

"Әйелміз ғой. Қанша дегенмен нәзікпіз ғой, жүрегіміз әлсіз. Табиғаттың жаратылысы сол. Сондай кезде ер адамның әдемі сөздеріне сынып қаламыз. Оның үстіне өнер адамдары эмоцияға қатты берілетін, сезімтал ғой. Психологтар "Ішіңізде 18 жастағы қыз отырған сияқтысыз. Әрдайым күліп, жарқырап, көзіңіз жанып, ізденіс үстінде жүресіз. Үмітпен өмір сүресіз" дейді. Сол үмітпен жүреміз ғой.

Сөйтіп жүріп үшінші күйеуге қалай алданып қалғанымды білмеймін ғой. Ашығын айта салайын, алданып қалдым. Бір кезеңде әйел болып, жалғыздықты сезінесің ғой. Сол уақытта Алла мені сынады ма? Бір ауыртпашылық, өмірде жалғыз қалып кеткендей, шаршау пайда болды. Өмірі шаршамаймын ғой, мысалы?! Сөйтіп жүргенде үшінші жігітке ұсталып қалдым ғой. Стамбұлда үш ай тұрдым. Бірге тұрып көргеннен кейін, "Мынау болмайды екен" деп кетіп қалдым. Қателікті өзінен іздемейді", - деп ағынан жарылды Шаһизада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2008169-usinsi-kuieuge-qalai-aldanyp-qalganymdy-bilmeimin-sahizada-zeke-omiri-turaly-syr-sertti/