Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ернар Айдар жұбайы мен үшінші қызын перзентханадан шығарып алды (видео)

Жарияланған күні:

Ернар Айдар отбасымен
Ернар Айдар отбасымен. Фото: instagram.com/ernaraidar_kz

Осыдан бірнеше күн бұрын отандық әнші Ернар Айдардың жұбайы үшінші перзентін дүниеге әкелген болатын. Өнер иесі келіншегі мен қызын перзентханадан шығарып алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы әнші көпшілікке Instagram парақшасында айтты.

"Айкөркем, қош келдің! Аллаға шексіз шүкір, баршаңызға жұғысты болсын", - деп жазды әнші.

Видеодан әншінің жұбайын перзентханадан шығарып алу үшін бір құшақ гүлімен, шарлармен, түрлі алып қуыршақтармен және туған-туысымен келгенін көруге болады.

Кейін нәресте мен әншінің жұбайын үйде бір топ өнерпаз бен жайылған дастархан күтіп тұрған.

Айта кетейік, Ернар Айдар мен жұбайының жаңа туған нәрестеден бөлек 2019 және 2020 жылғы қыздары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2008302-ernar-aidar-zubaiy-men-usinsi-qyzyn-perzentxanadan-sygaryp-aldy-video/