Әнші Ернар Айдардың үшінші қызы өмірге келді (фото)
Жарияланған күні:
Отандық әнші Ернар Айдардың отбасында өмірге тағы бір сәби келді. Өнер иесінің жұбайы бүгін үшінші қызын дүниеге әкелді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ернар Айдар қуанышын Instagram желісінде көпшілікпен бөлісті.
"Сүйінші, ардақты ағайын! Алланың қалауымен қасиетті жұманың таңында тағы да әке атандым. Қызды болдым. Аллаға шексіз шүкір", - деп жазды әнші.
Ал желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, құтты болсын айтты.
"Бауы берік болсын", "Жәннатқа баратын болыпсыз", "Қыз келсе, өрістің кеңігені. Қыз - әкенің жанашыры, ақылшысы, ертең қартайғанда бас сүйер қалқаны болады. Бауы берік болсын", - деп жазды желідегілер.
Естеріңізге сала кетейік, Ернар Айдар мен жұбайының жаңа туған нәрестеден бөлек 2019 және 2020 жылғы қыздары бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2007878-ansi-ernar-aidardyn-usinsi-qyzy-omirge-keldi-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.