Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы Түркиядағы жер сілкінісі жайлы: Өзің сезген бір бөлек

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: Instagram/sultankyzy

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы осыдан бірнеше күн бұрын Түркия еліне демалысқа аттанған болатын. Тележүргізуші Түркияда орын алған жер сілкінісі ошағына жақын жерде болғанын айтып, көпшілікке дәрігердің айтқан кеңесін бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жаңалықтарды естіп жатқан шығарсыздар, өзің сезген бір бөлек. Түркияда эпиорталықтан алыс емес едім. Таңға жуық, 3-4-тер шамасында шатыр-шұтыр еткен дауыстан оянып кеттім. "Көршінің балалары алысып ойнап жүрген шығар" деп ойладым да, ары қарай көзім ілініп кетіпті.

Таңертен төменге түссем, у-шу. Әбден қорқып, мазалары қашқан жандарды көргенде, түнде тоңазытқыштың үстіндегі заттардың қозғалып, есіктің тарс-тұрс жабылғанын да естімегенімді түсіндім. Орталыққа қан тапсыруға келсем, дәрігерлердің де зәресі ұшқан. Бүкіл артық дәрі-дәрмектері мен заттарын жинап, жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесуге жиналғанына өзім куә болдым", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Сонымен қатар тележүргізуші дәрігердің берген кеңесін де көпшілікке бөлісті. Оның айтуынша, дәрігерлер өзімен бірге ысқырық ұстап жүруге кеңес берген. Өйткені, құтқарушылары үйінді астындағы адамды осы ысқырықтың дауысы арқылы тауып жатыр екен.

"Бүгін дәрігермен болған осы диалог есімнен кетер емес. Кейбір жерде әлі 2-3 балдық жер сілкінісі сезіледі. Алла ананы - баладан, баланы - әке-шешеден айырмасыншы.Түрік бауырларымызға тек сабыр тілеймін", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2008311-laila-sultanqyzy-turkiyadagy-zer-silkinisi-zaily-ozin-sezgen-bir-bolek/