Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал "Вузеры" телехикаясының актерлері қазіргі таңда қайда жүр (видео)

Опубликовано:

"Вузеры" телехикаясының актерлері
"Вузеры" телехикаясының актерлері. Скриншот: "Қызық Live" бағдарламасы

Осыдан он жыл бұрын көпшілікке ұсынылып, елдің көңілінен шыққан "Вузеры" телехикаясының актерлері Рауан Рамазан, Рамис Құлахметов, Жәния Джуринская, Әсем Жакатева "Қызық Live" бағдарламасына қонаққа келді. Өнер иелері қазіргі таңда қайда жүргенін айтып, жаңалығын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актриса Жәния Джуринская отбасы құрып, бүгінгі таңда бір қыздың анасы атанған.

Ал көпшілік көзінен тасада қалған Әсем Жакатева да тұрмысқа шығып, ана атанған.

"Тұрмысқа шығып, қызды болдым. Қызым бірінші сыныпқа бардым", - деді Әсем Жакатева.

Бағдарлама барысында актер Рамис Құлахметов бокспен айналысып жүргенін жеткізді.

Ал актер Рауан Рамазан бүгінгі таңда отандық арнадан өз бағдарламасын ашып алғанын айтты.

"Отандық арнада бағдарламам бар, жүргізушімін. Басым бос, әлі бойдақпын", - деді Рауан Рамазан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2008334-tanymal-vuzery-telexikayasynyn-akterleri-qazirgi-tanda-qaida-zur-video/

pixel