Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі туып, бір қалғаным емес": Гүлзира Айдарбекова халық "сан соғып қалдық" деп шағымданған туристік компания туралы айтты (видео)

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова
Гүлзира Айдарбекова. Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Халыққа Меккеге апару бойынша туристік қызмет көрсететін отандық танымал компанияның басы дауға қалды. Киелі жерге бару үшін қыруар қаражатын компанияға төлеген ондаған қазақстандық діттеген жеріне бара алмай, дал болғанын айтып шағымданған. Басы дауға қалған компанияның ашылу рәсіміне қатысқан Гүлзира Айдарбекова "Астарлы ақиқат" бағдарламасында осыған қатысты өз пікірін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама мәліметінше, продюсер Гүлзира Айдарбекова аталмыш туристік компанияның ашылу салтанатында лента қиып, тұсауын кескен.

"Қатты араласпаймын. Бірақ ашылуына бардық. Меккеге жібердік, жақсы барып-қайтты. Одан кейін де сіңлімді, жездемді сол компаниямен жіберемін деп ойлап жүргенмін. Ондай екенін білмеппін. "Екі туып, бір қалғаным" емес. Бұрыннан танысым емес", - деді продюсер Гүлзира Айдарбекова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жүздеген адамды алдады деген күдікке ілінген турфирма басшысы ұсталғанын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2008339-eki-tuyp-bir-qalganym-emes-gulzira-aidarbekova-xalyq-san-sogyp-qaldyq-dep-sagymdangan-turistik-kompaniya-turaly-aitty-video/

pixel