Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ата-бабаларымыз қалдырып кеткен ақпарат тілде жатыр": Ерболат Беделхан қазақ тілінің маңызы туралы айтты

Опубликовано:

Ерболат Беделхан
Ерболат Беделхан. Фото: "Айқап" бағдарламасы

Отандық продюсер Ерболат Беделхан ұлттық идеологияны қалыптастырудың әдісін айтты. Өнер иесі "Айқап" бағдарламасында тілді дамытудың жолдарын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біздің ұлт мәдениетке өте жақын. Мәдениет, өнер дегеніміз не? Ол ұлттық идеологияны қалыптастыруға ықпал етеді. Ұлттық идеология бізде бір нәрсемен ғана қалыптасады. Тіл - бұл код. Ата-бабаларымыз қалдырып кеткен ақпарат сол тілде жатыр.

Ал егер біз тілді дамытып, музыка, кино саласында көрсететін болсақ, біз өз мүддемізді қорғаймыз. Біз тек шекарамызды ғана емес, қазақ деген болмысты қорғаймыз. Сондықтан қазір "Ештен кеш" дегендей, уақыт келді", - деді Ерболат Беделхан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2008355-ata-babalarymyz-qaldyryp-ketken-aqparat-tilde-zatyr-erbolat-bedelxan-qazaq-tilinin-manyzy-turaly-aitty/

pixel