Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Данэлия Төлешова America's Got Talent байқауында көзге түсті (видео)

Опубликовано:

Данэлия Тулешова
Данэлия Тулешова. Фото: instagram.com/tuleshova_daneliya

America's Got Talent байқауының ресми парақшасында қазақстандық Данэлия Төлешованың байқаудың жаңа маусымында өнер көрсеткен видеосы жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық арудың видеосы America's Got Talent байқауының Instagram парақшасында жарияланған.

Данэлия Төлешова байқауда голландиялық әнші Duncan Laurence-тің Arcade әнін орындаған.

Жас таланттың орындауы залда отырған қазылар алқасы мен көрермендер көңілінен шыққан. Олардың барлығы Төлешова әнін орындап болған соң орнынан тұрған. Еске сала кетейік, 2020 жылы Төлешова Американың танымал шоуы America's Got Talent бағдарламасына қатысты. Ол NBC арнасында тікелей эфирде өткен шоудың 15-ші маусымының финалына шықты.

Айта кетейік, қазақстандық ару АҚШ-та өткен аудиториялық дауыс беру нәтижесі бойынша 2020 жылдың финалына өткенде фавориттердің қатарына енген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2008516-daneliya-tolesova-americas-got-talent-baiqauynda-kozge-tusti-video/

pixel