Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Жарқынай Ханайымның бұрынғы күйеуі: Тағдырдың жазуы солай болар

Жарияланған күні:

Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайым
Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайым. Фото: NEGE.KZ

Отандық актер Айдар Асқарбек жеке өмірі туралы айтты. Ол бұрынғы жұбайы Жарқынай Ханайыммен қайта қосылмағанын, алайда ортада қызы болғандықтан жақсы араласатынын жеткізді, деп жазады NEGE.KZ сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сайт мәліметінше, өткен жылы қос жұлдыз қызының туған күнінде бірге суретке түскен. Осыдан кейін көрермендер актер мен актрисаны "қайта қосылды" деп жорамалдаған.

"Өкінішке орай, қосылған жоқпыз. Тағдырдың жазуы солай болар. Дегенмен жақсы араласып тұрамыз. Арада қызымыз болғандықтан, бір-бірімізден алшақтап кете алмаймыз. Жақсы қарым-қатынастамыз.

Бірақ бір айтарым, айырылысқан отбасында қателік екі жақтан да болады. Бір адамды кінәлау дұрыс емес", - деді актер.

Сонымен қатар Айдар Асқарбек қызымен қаншалықты жиі көрісіп тұратынын да жасырмай айтып берді.

"Алматы қаласында тұрғанда қызымды жиі көретін едім. Бірақ Жарқынайдың отбасы Астанаға көшіп кетті. Қызымды күнде көре алмайтыным маған қиын болды. Осыдан бір апта бұрын арнайы барып, тәтті қызымды көріп қайттым. Қыздың орны әке үшін бөлек қой. Енді сағынышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әлбетте көмектесемін", - деді актер.

Сондай-ақ актер болашақ жұбайы өнер әлемінен болса, қарсы еместігін жеткізді.

"Айта кетейін, Жарқынай екеуіміздің айырылысуымызға өнердің еш қатысы жоқ. Керісінше, біз бір-бірімізге қолдаушы болдық. Болашақ жарым өнерлі, дарынды болса, оның несі жаман? Қайта оны мақтан тұтып, қолдауға тырысамын. Жаратқан өзі жолықтырады деп үміттенемін. Ең бастысы, адалынан берсе деймін", - деді Айдар Асқарбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2008529-aktrisa-zarqynai-xanaiymnyn-buryngy-kuieui-tagdyrdyn-zazuy-solai-bolar/