Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алуа Қонарова Түркияда зардап шеккендерге көмек көрсеткен сәтті камераға түсірмеуге шақырды

Опубликовано:

Алуа Қонарова
Алуа Қонарова. Кадр: YouTube/ Ardak Alanya

Қазақстандық продюсер Алуа Қонарова Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетіп жүргендерге үндеу тастады. Ол қайғылы оқиғаны камераға түсірмеуге және көмек көрсетуді жасандылыққа айналдырмауға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы продюсер Instagram парақшасында хабарлады.

"Жарайсыздар! Түркияға осы қиын сәтте барлығы қолдау көрсетіп, жанашырлық білдіріп жатыр. Алайда өз көмегіңізді жасандылыққа айналдырмаңызшы, өтініш. Бұл жағдайдан хайп жасаудың керегі жоқ.

Бұл - ақымақтық. Қайғылы жағдайда көмек көрсеткен сәтте өзіңді камераға түсірудің қажеті жоқ. Одан да сіздің жақсылығыңызды басқалар айтсын", - деді продюсер.

Алуа Қонарова сторис
Алуа Қонарова сторис. Скриншот: instagram.com/aluakonarova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2008668-alua-qonarova-turkiyada-zardap-sekkenderge-komek-korsetken-satti-kameraga-tusirmeuge-saqyrdy/

pixel