"Наурыз айына жоспарлап отырмыз": Жанар Дұғалова тұрмысқа шығатынын мәлімдеді (видео)
Жарияланған күні:
Отандық әнші Жанар Дұғалованың тұрмысқа шығатыны жайлы ақпарат тараған болатын. Өнер иесі Тимур Балымбетовтің бағдарламасында бұл ақпаратты растап, күйеу жігітімен қалай танысқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Иә, бұл рас. Мен тұрмысқа шығамын. Тағдырымыз біз жолықпай тұрып тоғысқан екен. Біз бір жолмен жүріп, бір дүкенге барған екенбіз. Екеуіміз де Мәскеуде оқығанбыз. Бірақ кездескен емеспіз.
Біз отанымызда, Қазақстанда таныстық. Ол өнер әлемінен емес. Жан-жақты, қызықты адам. Үнемі махаббатпен, сезіммен ғана тұрмысқа шыққым келетін. Дәл солай болды. Ешқандай есепсіз, жоспарсыз, махаббатпен тұрмысқа шығып жатырмын. Отбасы құруды наурыз айына жоспарлап отырмыз", - деді Жанар Дұғалова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2008800-nauryz-aiyna-zosparlap-otyrmyz-zanar-dugalova-kuieu-zigitimen-qalai-tanysqanyn-aitty-video/