Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәскеуде ота жасаттым": Жанар Дұғалова неге ән әлемінен алыстап кеткенін айтты (видео)

Опубликовано:

Жанар Дұғалова сахнада
Жанар Дұғалова. Фото: instagram/zhanar_dugalova

Әнші Жанар Дұғалова соңғы уақытта неліктен ән әлемінен алыстап кеткенін түсіндірді. Өнер иесі Тимур Балымбетовтің бағдарламасында бірнеше жыл бойы дауысына байланысты қиындықтар туындап, Мәскеуде ота жасатқанын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Көбісі менен неге жиі көрінбейтінімді сұрайды. Мұның бірнеше себебі бар. Бірақ негізгісі - 2017 жылдан бастап, менің дауысыма байланысты туындаған қиындықтар. Бұл жайлы еш жерде айтқан емеспін. Себебі бұл тақырыпты қозғау маған ауыр тиетін.

Ал қазір уақыт өтті, маған бұл тақырыпты қозғау қиын емес. Менің дауысыма байланысты қиындықтар туындап, 3-4 жыл бойы дауысымды қалыпқа келтіру жұмыстары жасалды. Менің дауыс түйіндерімде қиындықтар туындады. Біреу үшін бұл түк емес болып көрінетін шығар. Алайда, дауысым мен үшін - менің жүрегім мен жаным. Сондықтан бұл мен үшін өте үлкен қайғы болды", - деді Жанар Дұғалова

Сонымен қатар әнші дауыс түйіндеріндегі қиындықтан тіпті сөйлемей жүретін уақыттары болғанын да жеткізді. Өнер иесі осы мәселе бойынша Мәскеуге барып, ота жасатқанын да жасырмады.

"Кейде тіпті сөйлеудің өзі мұң болды. Көп тыңдармандарым мені Turkvizyon байқауынан кейін танитын шығар. Алайда мен 3 жасымнан бері ән саламын. 30 жылдан аса ән салып келе жатырмын. Мүмкін дауысымды шаршатып алдым ба? Мүмкін вокалдық дайындықтар дұрыс болмады ма? Мен алдымен отасыз емделуге тырыстым. Алайда ол мүмкін болмады.

Сондықтан Мәскеуге барып, ота жасатуыма тура келді. Мен эмоцияның адамы болғандықтан, ауыр ота болды. Отандан кейін дауысымды қалыпқа келтіру үшін 6-7 айдай уақыт керек болды. Солай 1.5-2 жыл уақыт өтіп кетіпті. Бұл жайлы еш жерде айтқан емеспін. Өйткені, өз қайғыммен өзім алыстым. Тіпті ата-анамды өз мәселеммен мазалағым келмеді.

Бұл қиындықтар мен үшін үлкен сабақ болды. Себебі, өз дарыныңды сақтап, құрметтеу керек екен. Одан әп-сәтте айырылып қалуың мүмкін. Құдай қалай берді, солай алуы мүмкін екен.

Қазір Аллаға шүкір, дауысым қалпына келді. Отасыз емделіп жүріп, ән де айттым. Тіпті кешке ән салу үшін күндіз үндемей жүруіме тура келді. Ал сөйлеу мұң болған кезде анаммен ақылдасып, шешім қабылдадық", - деді Жанар Дұғалова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2008830-maskeude-ota-zasattym-zanar-dugalova-nege-an-aleminen-alystap-ketkenin-aitty-video/

pixel