Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құдалық мың жылдық болсын": Нұржан Төлендиев қызының "тәтті шәйін" көрсетті (видео)

Опубликовано:

Нұржан Төлендиев
Нұржан Төлендиев. Скриншот: instagram.com/kaz.stars

Көпшілікке "Шаншар" театры арқылы танылған Нұржан Төлендиев отбасындағы қуанышын бөлісіп, қызын ұзатқалы жатқанын айтқан болатын. Өнер иесі әлеуметтік желіге болашақ құдаларымен танысқан сәтті жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ассалаумағалейкум, қазағым! Менің бүгін көңілім алып ұшып тұр. Себебі хор қызым Қорлантайымды ұзатқалы жатырмын. Бұл жиналған асыл азаматтар ақ тілегін арқалап, қуанышымды бөлісіп келген достарым", - деп жазған болатын Нұржан Төлендиев.

Ал бұл жолы әзілкеш Instagram парақшасында болашақ құдаларымен жолыққан "тәтті шәйдің" видеосын бөлісті.

"Тәтті шәйден естелік болсын", - деп жазды әзілкеш.

Видеодан әзілкештің отбасының болашақ құдаларымен алғаш кездескенін көруге болады.

Желі қолданушылары Төлендиевтің құдалығына құтты болсын айтып, қызы Қорланға бақыт тіледі.

"Қызыңыз бақытты болсын", "Құдалықтарыңыз мың жылдық болсын", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2008896-qudalyq-myn-zyldyq-bolsyn-nurzan-tolendiev-qyzynyn-tatti-saiin-korsetti-video/

pixel