Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Махаббат жасқа қарамайды екен": Әнші Шаһизада жас жігітпен сурет жариялады (видео)

Опубликовано:

Шаһизада мен Ерболат Ержанбаев
Шаһизада мен Ерболат Ержанбаев. Скриншот: instagram.com/shahizada.art

Осыдан біраз уақыт бұрын үшінші күйеуімен Стамбұлда үш ай ғана бірге тұрғанын айтып, сұхбат берген отандық әнші Шаһизада өзге жігітпен көзге түсті. Өнер иесі желіде жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бізде жағдай осындай… Адамнан жасырғанды, Құдайдан жасыра алмайсың. Көп сөге көрмеңіздер. Махаббат жасқа қарамайды екен", - деп жазып, Шаһизада жазба астына отандық әнші Ерболат Ержанбаевты белгілеп қойды.

Осыдан соң Ерболат Ержанбаев та Шаһизадамен түскен видеоны Instagram парақшасында бөлісіп, жазба жариялады.

"Біреуден естігенше, өзімнің парақшамнан көргендеріңіз дұрыс шығар", - деп жазып, Ерболат Ержанбаев Шаһизаданы белгілеп қойды.

Ал желі қолданушылары жұлдыздарға бақыт тілеп, пікір қалдырған.

"Бақытты болыңыздар", "Бақытты болуға лайықсыз", "Соңғы уақытта құлпырып кетіп едіңіз", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009088-maxabbat-zasqa-qaramaidy-eken-zas-zigitpen-suretin-zuktegen-sahizada-zazba-zariyalady-video/

pixel