"Сүйіп қалсам да, тұрмаймын": Анар Батырхан ауыл жігітіне тұрмысқа шықпайтынын айтты (видео)
Жарияланған күні:
Актриса Анар Батырхан болашақ жарына қандай талап қоятынын айтты. Танымал ару "Менің өмірім" бағдарламасында ауыл жігітіне тұрмысқа шықпайтынын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Ең бастысы ол маған тірек бола алатындай, өзімді оның жанында әйел заты ретінде сезіне алатындай жігіт керек. Ал қазір жігіттерден ондайды көп көре бермейсің. Олар қазір сенің көлігіңе, ақшаңа, затыңа, киіміңе, әке-шешеңнің қайда жұмыс істейтініне қарайды. Өкінішке орай, таныстарымнан естимін. Маған айтпайды.
Қыздардан "Қай көлікпен жүреді екен?" деп естиміз ғой. Қыздардың бәрінде бар ондай. Ал жігіттер де қазір сондай. Бәрі емес, көпке топырақ шашпай-ақ қояйын. Мені Анар Батырхан болғаным үшін жақсы көретін емес, мені Анар деп қабылдайтын жігіт керек", - деді актриса.
Бағдарлама барысында жүргізуші "Бір сұхбатыңда жігіт Алматыныкі, қалалық болуы керек. "Қалалық жігітке тұрмысқа шығам" деп айтыпсың. Ал егер ауылда ата-анасымен тұратын жігітті сүйіп қалсаң, не істейсің?", - деп сұрады актрисадан.
Ал Анар Батырхан ауыл жігітіне тұрмысқа шықпайтынын ашып айтты.
"Сүйіп қалсам да, мен тұрмаймын. Мен білемін, ондай жағдайға шыдамайтынымды. Әкемнің, анамның туған жеріне барғанда, демалып қайтамын. Бір күн барасың, екі күн жүресің, бірақ кішкентайымнан қалада өскен қыз болғандықтан, маған қалада тұратын жігіт керек.
Мен қазір осы сұхбатта өзімді жақсы көрсету үшін "Иә, мен дайынмын" десем, ол өтірік болады. Мен бірден басынан шешіп аламын. "Егер мені әйелің ретінде көрсең, мен сенімен басқа қалаға барып тұрмаймын. Астана қаласы болсын, тұрмаймын. Мен Алматы қаласында тұрамын. Гастрольмен басқа қалаға кетсем, Алматыны сағынып кетемін. Әке-шешем осында деген сияқты", - деді Анар Батырхан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009092-suiip-qalsam-da-turmaimyn-anar-batyrxan-auyl-zigitine-turmysqa-syqpaitynyn-aitty-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.