Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық танымал қобызшы: Атақтың соңына түсіп, көрінген есікті қаққым келмейді

Опубликовано:

Ақерке Тәжібаева қобызшы
Ақерке Тәжібаева. Фото: NEGE.KZ

Отандық танымал қобызшы Ақерке Тәжібаева осы уақытқа дейін 57 елдің сахнасында өнер көрсетіп үлгергенін айтты. Әлі күнге ешқандай марапатқа ие болмаған өнер иесі атаққа зәру еместігін жеткізді, деп жазады NEGE.KZ сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қобызшылардың ішінде шетелге көбірек шығып, қобызды жиі насихаттап жүргендіктен, маған шақырту көп түседі. Құдайға шүкір, қобызымды арқалап, 57 елдің сахнасында өнер көрсетіппін. Бірақ, "жаңашылдыққа салдым екен" деп эстраданың жетегінде кетіп қалмауға тырысамын.

Шетел сахнасына шыққанда өз ұлтымызға тән ерекшелікті көрсету мақсатында ұлттық киімдерімізді киіп, дала композиторы Қорқыттан бастап, Ықылас Дүкенұлы, бергісі Дәулет Мықтыбаев, Жаппас Қаламбаев сынды қобызшылардың нұсқауындағы күйді нақышында орындауға тырысамын", - деді отандық қобызшы.

Сонымен қатар Ақерке Тәжібаева сұхбат барысында атаққа қызықпайтынын атап өтті.

"Жас кезімде "Мәдениет үздігі" атанғым келетін. Бірақ уақыт өте келе атақ-даңқтан бұрын, жақсы адам, жақсы маман болып қалыптасу қажет екенін  ұғындым. Десе де халықаралық фестивальге қатысқанда, міндетті түрде атағыңды сұрайтыны бар. Ондай сәтте атағымның жоқтығынан тосылып қалатыным жасырын емес.

Әйтпесе, атаққа зәру емеспін. Уақыты келгенде біз де бір куәлік пен төсбелгіге ие болармыз. Бірақ, өз басым атақтың соңына түсіп, көрінген есікті қаққым келмейді", - деді Ақерке Тәжібаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009151-otandyq-tanymal-qobyzsy-ataqtyn-sonyna-tusip-koringen-esikti-qaqqym-kelmeidi/

pixel