Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Продюсермен арамыз бұзылды": "Меломен" тобы сахнадан неге көрінбей кетті (видео)

Опубликовано:

"Меломен" тобы
"Меломен" тобы. Фото: Instagram/melomen_official

Осыдан бірнеше жыл бұрын танымалдылыққа ие болып, көпшіліктің көңілінен шыққан "Меломен" тобы соңғы кезде сахнадан көрінбей кетті. Топ жігіттері "1001 түн" бағдарламасына келіп, тыңдарман назарынан тасада қалуының сырын түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сахнаға ата-анамыздың батасын алып, оқу қабырғасында жүріп, махаббатпен құрылған едік. Басымызда кейбір мәселеге байланысты біраз жақтың соққысы болды. Топтан Жігер кетіп қалды, продюсермен арамыз бұзылды. Осының барлығына сырттан ықпал болған сияқты. Нақты білмейміз. Өзіміздің балалығымыздан, шалалығымыздан да болған шығар. Жалқауланып жүрген кезіміз де болды.

Топ болсын, әнші болсын алғашында сахнаға жарқырап шығады. Одан кейін оны ұстап қалу қиын нәрсе. Барлығы жақсы болған сияқты. Ән жазамыз, хитке айналады. 2014 жылы продюсерімізбен арамыз дұрыс болмай қалды. Негізі болмайтын нәрсе. Бізді продюсер концерт, түсірілімге сүйреді, бәрімен телефонмен сөйлесетін. Кетіп қалғаннан кейін фокусты жоғалтып алдық. Сол уақытта бәрі тоқтап қалды. Біз де біреуге хабарласатын, телефон нөмірі жоқ. Кейіннен бәрі жақсы болды. Одан кейін продюсермен жұмыс істеген жоқпыз.

Кейін арамыздан Жігер кетті. Жігерді де топта алып қалуға тырыстық. "Бірге тумақ болса да, бірге жүрмек жоқ" дейді. Әркім өз жолын таңдады. Қазір арамыз жақсы", - деді топ жігіттері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009181-prodyusermen-aramyz-buzyldy-melomen-toby-saxnadan-nege-korinbei-ketti-video/

pixel