jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Жүректен жүрекке жетеді деп сенемін": Мирас Жүгінісовтің жаңа альбомы жарық көрді

Мирас Жүгінісов
Мирас Жүгінісов. Фото: Instagram / zhugunussov.mj

Қазақстандық әнші Мирас Жүгінісов тыңдармандар назарына жаңа музыкалық альбомын ұсынды. "Сен-Ем" альбомы жарық көргені туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мирас Жүгінісов - тыңдармандар жүрегін жаулап үлгерген дарынды жас әнші. Оның "Зымыран" мен "Сен туралы" әндері елдің музыкалық чарттарында көш бастап жүр. Ал "Сен-Ем" атты жаңа альбомы махаббат тақырыбына арналған. Альбомның толық нұсқасы әншінің YouTube арнасында жарияланды.

"Бүгін мен сіздерге мәңгілік махаббат тақырыбындағы “Сен-Ем” атты жаңа альбомды ұсынып отырмын.

Махаббат тақырыбы мәңгілік, бұл туралы көптеген орындаушы ән айтты. Біздегі сезім жақсылықтың жаңа энергиясын тудырады, бізді қуантады және әндер арқылы махаббат сыйлауға мүмкіндік береді. Альбомымда ұсынылған әндерге менің сезімім мен түйсігім арқау болды. Әндерім жүректен жүрекке жетеді деп сенемін", - дейді әнші.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.