Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таиландта демалыста жүрген Маржан Арапбаева сымбатымен көпшілікті таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Маржан Арапбаева
Маржан Арапбаева. Фото: instagram.com/arapbayevamarzhan

Таиландқа демалысқа аттанған қазақстандық әнші Маржан Арапбаева көпшілікке су жаңа суреттерін бөлісті. Instagram парақшасына саяхаттан сурет жариялаған әнші оқырмандарын сымбатымен таңғалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ыстық жер қандай рахат" деп жүрдім. Енді әбден күнге күйгеннен кейін, "қыс пен аяз дұрыс па?" деп ойланып қалдым. Ал негізі бізде көктем, жаз, күз, қыс - барлық мерзімді көріп жүреміз, рахат қой", - деп жазды әнші.

Желі қолданушыларына әншінің демалыста түскен суреттері ұнаған. Олар Арапбаеваға жағымды пікірді жаудырып, әншінің мінсіз мүсініне таңғалғандарын жеткізді.

"Өте әдемісіз", "Мүсініңіз керемет", "Демалысыңыз жақсы өтсін", "Өте сымбаттысыз", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009259-tailandta-demalysta-zurgen-marzan-arapbaeva-symbatymen-kopsilikti-tangaldyrdy-foto/

pixel