Айтыскер: "Алтын домбыра" – айтыстың абыройы үшін керек, ақынның абыройы үшін қауіпті
Жарияланған күні:
Айтыс саласының майталманы, 2022 жылғы "Алтын домбыра" жүлдесінің иегері Еркебұлан Қайназар аталмыш айтыс түріне қатысты сұхбат берді. Айтыскер неге дәл осы дода айналасында шудың көп болатынын айтты, деп жазады "Айқын" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Алтын домбыраны" маңдай терімен алған адамда абырой болады. Халық қаламай тұрып, жүлдені алған кезде абыройын жоғалтатын болар. Екеуіне де тікелей әсер етеді. "Алтын көрсе, періште жолдан таяды" дейміз. Алтын айтыстың аурасына әсер етеді. Басқа-басқа осы "Алтын домбыраға" келгенде шу көтеріледі. Әділетсіздік пен әттеген-ай да бар. Оның үстіне, аурасы ауыр.
Бәсекенің атауындағы даңқ пен дақпырт әсер етпей қоймайды. Көбінесе, осы айтыстың аяғы шумен, бірнеше айға созылатын пікірталаспен аяқталып жатады. Былтыр және 2021 жылы Бекарыс Шойбеков алған жылы тыныш өтті. Өзім де "алсам, абыроймен алсам" деп тілеп жүргенмін. Бұған дейін де "алмадық" деп жер тепкілегенім жоқ. Жалпы, "Алтын домбыра" – айтыстың абыройы үшін керек, ақынның абыройы үшін қауіпті", - деді айтыскер Еркебұлан Қайназар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009278-aitysker-altyn-dombyra-aitystyn-abyroiy-usin-kerek-aqynnyn-abyroiy-usin-qauipti/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде