jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Әйелімнен сыйлық күтпеймін": Еркін Нұржанов эфирде күтпеген мәлімдеме жасады

    Еркін Нұржанов жұбайымен вальс билеуде
    Еркін Нұржанов жұбайымен. Фото: juldyz.kz

    Танымал әнші, "Жігіттер" тобының бұрынғы мүшесі Еркін Нұржанов "Хабар" арнасындағы АйнаLine бағдарламасында қонақ болып, сүйген жарына қандай сыйлықтар жасайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Тек мереке кезінде емес, реті келгенде сыйлықтар беріп, қуантуға тырысамын. Гастрольден келген кездерде гүл беріп, көңілін көтеремін. Ал ең үлкен сыйлығым - бұл дүние емес, рухани сыйлық. Әйелімді "Дин" деп еркелетемін, сол себепті, атын әнге қосып, "Динара" деген ән шығардым", - дейді Еркін.

    Сондай-ақ әнші әйелінен айтарлықтай сыйлық күтпейтінін жеткізді.

    "Әйелімнен сыйлық күтпеймін. Ол үйде балалармен отыр, жұмыс істемейді. Оның маған сыйлаған перзенттерін ең үлкен, бағасыз сыйлық деп білемін. Ал дәмді тамақтарды күнде дайындайтындықтан, оны сый деп қабылдамаймын", - деп күлді әнші.

    Айта кетелік, Еркін Нұржанов - көптеген хит әндердің авторы әрі орындаушысы.

    "Әйелімнен сыйлық күтпеймін": Еркін Нұржанов эфирде күтпеген мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.