"Өте қиын шешім болды": Актер Жандос Айбасов ажырасып кеткенін айтты (видео)
Жарияланған күні:
Қазақстандық актер Жандос Айбасов бір жыл бұрын заңды түрде ажырасып кеткенін мәлім етті. Өнер иесі бұл шешімнің оңайға соқпағанын режиссер Қанат Бейсекеевке берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Заңды түрде ажырасқанымызға бір жыл болды. Бұл өте қиын шешім болды. Мүлде бөлек адам екеніңді түсінесің. Бір-біріңе деген сенімнің жоғалғанын, ол адамға бір нәрсе айтқанда, саған сенбейтінін түсінесің. Бір үйде бірге тұрасың, бірақ үйдің атмосферасы ұнамайды", - деді актер сұхбатында.
Оқи отырыңыз, биылғы жылдың қаңтарында қазақстандық әншілер Ерке Есмахан мен Раим мұсылманша неке қидырды. Әнші Ерке Есмахан жақында өзіне сырға салынып, құдалық өтетінін және беташар болатынын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009525-akter-zandos-aibasov-azyrasyp-ketkenin-aitty-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.