Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісова кезінде Алтынбек Қоразбаев өзіне ғашық болғанын айтты (видео)

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Біраз уақыт бұрын композитор Алтынбек Қоразбаев 75 жасқа толып, Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіков бастаған шәкірттері ұстазына көлік мінгізген болатын. Халық әртісі Мақпал Жүнісова мерейтойға орай ұйымдастырылған концертте Алтынбек Қоразбаевтың кезінде өзіне ғашық болып, ән арнағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл сәттің видеосын Мақпал Жүнісова Instagram желісінде бөлісті.

"Ертеректе, жиырма жас осы әнді Алтынбек аға маған ұсынған еді. Сол кезде "Мен саған ғашықпын" деп айтатын. Бірақ, енді жақындай алған жоқ, жеңгемізден қорықты ма, әйтеуір… "Сырттай ғашықпын, сырттай ғашықпын" деп жүретін.

Сол кезде осы "Мәңгілік махаббатым" әнін саған арнадым" деп алып келгені есімде. Қазір "жеңгеміз қызғанбайтын шығар" деп ойлаймын. Мен - алпысқа келдім, ол кісі - жетпіс беске келді. Сол кездегі жастықтың буымен шығарылған әнді орындап берейін", - деді Мақпал Жүнісова сахнада.

Естеріңізге сала кетейік, композитор, әнші Алтынбек Қоразбаев биыл 75 жасқа толған болатын.

Композитордың туған күнінде Тоқтар Серіков пен Мейрамбек Бесбаев бастаған шәкірттері ұстазына көлік мінгізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009541-maqpal-zunisova-kezinde-altynbek-qorazbaev-ozine-gasyq-bolganyn-aitty-video/

pixel