Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"18 жыл болды": Кенжебек Жанәбілов "Музарт" тобына қалай қабылданғанын айтты (видео)

Опубликовано:

Кенжебек Жанәбілов
Кенжебек Жанәбілов. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Әнші Кенжебек Жанәбіловтің "Музарт" тобына қабылданғанына биыл 18 жыл болған. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында топқа алғаш қабылданған сәтті еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Музарт" тобына келгеніме 18 жыл болды. Дәл осы күні маған қоңырау келіп, төбемнен тас түскендей болған. Маған ең бірінші болып, Роман деген досым, Сәкен ағаның інісі хабарласты. "Егер "Музартқа" алатын болсаңыздар, маған айтыңыздаршы. Мен сүйінші сұрайын" деген ғой. Содан кешкі уақытта Роман хабарласып, "Кенжебек сен бүгіннен бастап "Музарттасың" деді. Мен әзілі шығар дедім де, тұтқаны қоя салдым.

Маған "Қазір саған Сәкен аға мен Мейрамбек аға" хабарласады. Тұтқаны қойма" дейді. Мен "Шынымен бе, шынымен бе?" деймін. Ауылдағы ағайындардың бәрі хабарласты. Артынан Мейрамбек, Сәкен ағалар хабарласып, "Кенжебек, сен енді біздің орындаудағы әннің бәрін жаттай бер. 1-2 аптадан кейін келіп, ән жаздырасың" деді. Солай басталып кетті", - деді Кенжебек Жанәбілов.

Сонымен қатар әнші топқа келмей тұрып, ауылда салтанатты кеште ән орындағанын жеткізді.

"Топқа келмей тұрып мен ауылдағы салтанатты кештерде ән салып жүрдім. Одан Алматыға келдім. Музыкалық білімім болды. Шымкент қаласында, өнер университетінде оқыдым. Екінші курсқа өтетін кезде "Музарттан" осындай хабар келді", - деді Кенжебек Жанәбілов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009607-18-zyl-boldy-kenzebek-zanabilov-muzart-tobyna-qalai-qabyldanganyn-aitty-video/

pixel