Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мені ғана кінәлауы дұрыс емес": Жігер Ауыпбаев "Меломен" тобының мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді (видео)

Жарияланған күні:

Жігер Ауыпбаев
Жігер Ауыпбаев. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Осыдан біраз уақыт бұрын "Меломен" тобының жігіттері бұрынғы әріптесі Жігер Ауыпбаевтың топқа қайта оралғысы келгенін мәлімдеген болатын. Әнші Жігер Ауыпбаев "1001 түн" бағдарламасында осы мәлімдемеге қатысты жауап беріп, өз нұсқасын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі әншіден "Өткенде "Меломен" тобы келіп, сіздің топтан кетпеуге уәде бергеніңізді, жігіттердің серттескенін еске алды. Неге сол сертті бұздыңыз? Одан кейін қайта айналып барыпсыз ғой", - деп сұрады.

Ал әнші осы жағдайға байланысты бәрін егжей-тегжей түсіндіріп, жігіттердің өзін ғана кінәлауын дұрыс емес деп есептеді.

"Жоқ, ол қателеседі. Мен естімеппін. Бірақ қазір сіздерден естіп тұрмын. Ол жерде ондай әңгіме емес. Сертті бұзған мен емес, негізі ол жігіттер болатын.

Қайтып айналып барғанда, "Егіз лебіз" жобасын жеңіп, одан кейін "Қасым хан - ұлы дала таңы" фильмінің түсірілімі аяқталды. Бүкіл нәрсені бітіріп болғаннан кейін мен "Алғашқы жеке шығармашылық кешіме дайындаламын" дедім. Одан кейін ренжісіп жүрсек те, бір-бірімізді тамаққа шақырып, дастархан жайып көрмеппіз. Оразаның өзінде "бір-біріңді кешіру керек" дейді ғой. Бірақ тек сөзбен ғана, WhatsApp-пен ғана деген сияқты. Өзім "Қой, мынау болмайды. Ертең өліп кететін болсақ, не болады" деген сияқты мақсатпен барып, "Мына нәрсе болмайды. Осы уақытқа дейін қанша халық қолдады. Әлі де күтетіндер де бар" деп балаларды шақырдым.

Мен өзім топтан кеткеніме бес жылдан асса да, осы жылдарда "Меломен" тобын ойымнан шығарып көрмедім. Көлікте әлі күнге дейін әндерді тыңдаймын. Қаншама күн, түн жазған әндер, кеткен күштің барлығын тыңдап келе жатып, көзімнен жас шығып кетеді.

Бұл жерде жігіттердің "мені ғана кінәлауы дұрыс емес" деп ойлаймын. Себебі, таяқтың екі ұшы бар. Мен ол ортада орнымның жоқ екенін сол кезде түсіндім. Балалардың мұндай сұхбатты не үшін бергенін білмеймін. Біздің арамыз жақсы. Мен дастархан жайып шақырып, бәрі жақсы болған еді. Енді ондай нәрсені қайтадан бастап жатқан болса, мен дұрыс түсінбей қалған шығармын", - деді Жігер Ауыпбаев.

Сонымен қатар Жігер Ауыпбаев жақында жеке кешін өткізетінін және сол концертте "Меломен" тобының болатынын айтты.

"Жеке шығармашылық кешімді беретін кезде менің тізімімде тұратын ол - "Меломен" тобы. Себебі, ол - бәріміз армандап бастаған, қара шаңырағымыз. Сондай бір жағдайлар болды енді. Алла маңдайға не жазамыз, соны көреміз. Осылай болуы керек болды. Қайтадан оны қазбалап керек емес.

Енді жігіттер өз ренішін айтқан екен. Мен де ренішімді айта кетейін. Ол жігіттер мені кешіне шақырып, "Кеш қонағы сен ғана боласың" деген кезде қатты қуандым. Бірақ бізге "Таухид" деген әнді айтасыңдар" деді. Ұлттық арнада бұл әнді кесіп тастайтынын, діни тақырыпты бере бермейтінін білемін. Мен жігіттерге "Бұл әнді айтқаннан кейін, біздің нөмірді кесіп тастайды ғой" деп айттым. Олар "Жоқ, кеспейді" деді. Бірақ, ол нәрсе ішімде тұрды. Басқа әндерді де орындағым келді. Маған мүмкіндік бермеді. "Тек "Таухид" деген әнді орындаймыз" деді. Мен кейін сол жердегі үш мың адамның алдына ғана шығуым керек екенін түсіндім.

Жігіттермен арамыз жақсы. Сіздерге айтқанына қарай, мен де кішкене айтып қойып жатқаным ғой. Өзімнің шығармашылық кешімді ақылдасатын кезде, жігіттерді шақырып, сөйлесіп, шай ішіп отырып жоспарладық", - деді Жігер Ауыпбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Жігер Ауыпбаев көпшілікке "Меломен" тобында жүргенде танылды. Бірақ өнер иесі топтан кетіп, көпшілікке жеке әнші, актер ретінде таныла бастады. Жақында "Меломен" тобының жігіттері Жігер Ауыпбаевтың топқа қайта келуге өтініш білдіргенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009614-meni-gana-kinalauy-durys-emes-ziger-auypbaev-melomen-tobynyn-malimdemesine-qatysty-pikir-bildirdi-video/