Рианна алғаш рет көпшілікке ұлын көрсетті (фото)
Жарияланған күні:
Америкалық танымал әнші Рианна көпшілікке алғаш рет тоғыз айлық ұлын көрсетті. Әнші рэпер A$AP Rocky екеуінің баласымен түскен суретін Instagram парақшасында жариялаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Грэмми сыйлығының тоғыз дүркін иегері британдық Vogue сән журналының наурыз айындағы мұқабасына арналған фотоларды парақшасында бөлісті.
"Менің мінсіз балапаным", - деп жазды Рианна.
Естеріңізге сала кетейік, Рианна былтырғы жылдың мамырында ана атанған болатын. Ал жақында ол екінші сәбиге аяғы ауыр екенін хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009736-rianna-algas-ret-kopsilikke-ulyn-korsetti-foto/