Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дженнифер Лопестің бұрынғы жұбайы жетінші рет сәбилі болмақ

Опубликовано:

Марк Энтони мен Надя Феррейра
Марк Энтони мен Надя Феррейра. Фото: instagram.com/nadiatferreira

Америкалық әнші және Дженнифер Лопестің бұрынғы жұбайы Марк Энтонидің жетінші баласы өмірге келмек. Бұл қуанышты жаңалықты әншінің әйелі Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

23 жастағы сәнбике Надя Феррейра мен 54 жастағы Марк Энтони ата-ана атанады.

"Біздің өмірімізге осындай нығмет сыйлаған Құдайға мың да бір шүкір", - деп жазды әншінің жұбайы жазбасында.

Айта кетейік, жас жұбайлар осы жылдың қаңтар айында шаңырақ көтерді. Бұл парагвайлық сәнбикенің алғашқы некесі. Ал оның сүйіктісі Марк Энтони төртінші рет үйленіп жатыр.

Бұрынғы қарым-қатынасынан музыканттың алты ересек баласы бар. Олардың ең үлкені 28 жаста. Марк Энтонидің ең ұзақ қарым-қатынасы актриса Дженнифер Лопеспен жеті жылдан астам уақытқа созылды, ерлі-зайыптылардың екі баласы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009792-dzennifer-lopestin-buryngy-zubaiy-zetinsi-ret-sabili-bolmaq/

pixel