Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кейін әңгіме болмасын": Ерлан Орынбасаров өнердегі әріптестеріне ескерту жасады

Опубликовано:

Баян Нұрмышеваның жаңа бейнебаянынан көрініс
Баян Нұрмышева. Скриншот: "Таңшолпан" бағдарламасы

Жұлдызды жұп Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева Ұлттық арнадағы "Таңшолпан" бағдарламасында қонақ болып, жаңа бейнебаянның тұсауын кесті. Эфир барысында Ерлан өнердегі әріптестеріне ескерту жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Халыққа дәстүрлі әндерді орындауы арқылы танылған Баян Нұрмышева бұл бейнебаянда ерекше образымен көзге түседі. Әсіресе, әншінің ерекше стильдегі көзілдірігі бірден назар аудартады. Осыны аңғарған Ерлан Орынбасаров өнердегі әріптестеріне ескерту жасады.

"Бұл очкиді Баян өзі ойластырып, өзі жасатты. Сондықтан біздің әріптестердің құлағына алтын сырға. Ертең осыны көріп, жасап алып: "Мен бірінші істегем", - деген әңгіме болмасын. Мұндай жағдай менің де басымнан өткен. Бірде концертіме арнап, эксклюзивті, погоны бар пиджак тіктірдім. Кейін өнерде жүрген бауырымыздың анасы хабарласып, тігіншінің номерін сұрап алды. Сәлден соң әлгі тігіншім хабарласып тұр. "Ерлан, тура сенікіндей пиджак сұрап жатыр", - дейді. "Өзіңіз біліңіз", - дедім. Содан кейін әлгі пиджакты мүлде кие алмай қалдым", - дейді Ерлан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009831-angime-bolmasyn-erlan-orynbasarov-kelinsegine-bailanysty-onerdegi-ariptesterine-eskertu-zasady/

pixel