Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Ерке Есмаханның құдалығынан видео пайда болды (видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Жақында отандық әнші Раиммен мұсылманша некесін қидырған Ерке Есмаханға бүгін сырға салынып, құдалығы өтуде. Әнші Instagram желісінде бүгінгі маңызды күнге дайындығын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сонымен қатар әншінің құдалығы болған сәтті Айнара Байжан есімді әлеуметтік желі қолданушысы жариялады. Ал кейінірек әншінің құдалығы жайлы видеоны @ShowBusinessKazakhstan Youtube парақшасы көпшілікке бөлісті.

Видеодан Ерке Есмаханның отбасы құдалыққа дайындалғанын және сырға салуға келген жаңа құдаларды көруге болады. Әнші үстіне алқызыл түсті көйлек киіп, сырға салу дәстүріне ерекше дайындалған.

Сонымен қатар күйеу жігіт Раимның да құшақ толы гүлдерімен қайын жұртының табалдырығын аттаған сәтті байқауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ерке Есмахан өзіне құда түсіп, сырға салынатынын және беташары өтетінін айтқан болатын. Кейінірек әнші бүгін көпшілікке сырға салу күнінің қай уақытқа белгіленгенін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009986-zelide-erke-esmaxannyn-qudalygynan-video-paida-boldy-video/

pixel