Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұржан Қалжан анасымен бірге қажылыққа барды (фото)

Опубликовано:

Нұржан Қалжан анасымен Меккеде
Нұржан Қалжан анасымен. Фото: instagram.com/nurzhan_halzhan

Отандық әнші Нұржан Қалжан анасымен қажылыққа аттанды. Өнер иесі анасын Меккеге апару жайлы арманының орындалғанын Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Анасын Меккеге апару - әр азаматтың арманы ғой. Бүгін менің сол арманым орындалды. Сіздерге де ата-анаңызбен Меккеге келуді Алла нәсіп етсін. Аллаға шүкір, дұға-тілектерімізді қабыл етсін", - деп жазды Нұржан Қалжан.

Ал желі қолданушылары әншінің бұл ісінің дұрыстығын айтып, желіде жарыса пікір қалдырды.

"Жаратқан ниетіңді қабыл етсін", "Анаңыз жүз жасасын", "Қажылығыңыз қабыл болсын", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, rезінде ерекше дауысымен көпшілікті таңғалдырған отандық әнші Нұржан Қалжан ұзақ уақыт бойы сахнадан көрінбей кетті. Өнер әлемінен он жылға алыстаған әнші бұл жағдайдың себебін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010039-nurzan-qalzan-anasymen-qazylyqqa-bardy-foto/

pixel