"Басқаға сеніп тапсырмаймын": Кенжебек Жанәбілов ешкімге айтпаған құпиясын бөлісті
Жарияланған күні:
Әнші Кенжебек Жанәбілов 7 наурызда жеке концертін өткізбек. Жанәбілов шығармашылық кешіне дайындық қалай жүріп жатқанын және ешкім білмейтін құпиясын айтты, деп жазады Массагет сайты.
Кенжебек Жанәбілов жеке ән кешінде "халықтың алдында ұятқа қалмасам болды, сол үшін тырысып жатқанын" айтады.
"Қазақтың арулары деп аталатын жеке ән кешім "МузАрт" ансамбльінің сүйемелдеуімен 100 пайыз жанды дауыста болады. Мен 2018 жылы Астанада жеке концертімді өткізгенмін. Ал Алматыда бұл концертті 2019 жылға жоспарлап едік. Бірақ әлемдік жағдайға байланысты кейінгі шегерілді. Қазір Алматы әкімшілігі басшылардың қолдауымен 7 наурызда осы кешті өткіземіз", - дейді әнші.
Сонымен қатар, өнер иесі ерекше құпиясын бөлісті.
"Ешбір жерде бөліспеген құпиям бар: ол - менің киімге құмарлығым. Мен бала кезден киімге құмармын. Киінген ұнайды. Бірақ өз киімімді ешкімге үтіктетпеймін. Гастрольдерде өзіммен бірге үтік арқалап жүремін. Себебі бір кездері менің ең қымбат костюмімді күйдіріп алды. Қалай ішің ашымайды? Содан кейін ешкімге сенім тапсырмаймын, қорқамын", - деп түйіндеді сұхбатын Кенжебек Жанабіәлов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010143-basqaga-senip-tapsyrmaimyn-kenzebek-zanabilov-eskimge-aitpagan-qupiyasyn-bolisti/